Ссылки доступа

Тәжікстан ислам өркендеу партиясының бұрынғы мүшесінің өлімі туралы іске "құпия" белгісі қойылды


Тәжікстандағы Ашт ауданының тұрғыны Комил Хожаназаровтың өp-өзін өлтіруіне қатысты іске "құпия" белгі қойылды. Тәжікстанда тыйым салынған Ислам өркендей партиясының бұрынғы мүшесі өткен жылы қамауға алынып, Соғды облысының ішкі істер департаментінде тергенген соң өзіне қол салған.

Облыстық милициядағы дереккөз іс аясында ішкі істер департаменінің екі қызметкері тергелгенін растады. Комилдің әкесі Мурод Хожаназаров қылмыстық іс мәліметтерін жариялай алмайтынын, өйткені істің "құпия" белгісі барын айтты. Марқұмның әкесі баласының денесінде азаптау іздері қалғанын ғана айтты.

Ашт аудандық сотында істейтін Мурод Хожаназаров адвокат қызметінен бас тартқан, баласының құқығын өзі қорғайды.

31 жастағы Комил Хожаназаров өткен жылы жазда ұсталған. Сол кезде Тәжікстан ислам өркендеу партиясының 15 мүшесін қамауға алған еді. Комил 28 тамызда өзіне қол салған. Марқұм өлер алдында видеожолдау жазып, онда милиция қызметкерлері өзін азаптағанын айтқан.

Милиция қызметкерлеріне ақша төлеген соң ғана бостандыққа жіберді, деді Комил."Милиция қызметкерлері менің партиядан шыққан күнді өзгертіп көрсетіп, бірнеше жылға қамаймыз деп қорқыты", - деген Комил өзі қалдырған видеоүндеуде.

XS
SM
MD
LG