Ссылки доступа

Өзбекстанның бұрынғы бас прокурорының ұлына іздеу жарияланды


Иллюстративное фото.
Иллюстративное фото.

Өзбекстанның ішкі істер министрлігі 5 наурызда бұрынғы бас прокурор Рашид Қадыровтың 39 жастағы ұлы Әлішер Қадыровқа халықаралық іздеу жариялады.

Ішкі істер министрлігі есімін іздеудегілер тізіміне енгізген Әлішер Қадыровқа "ақша бопсалау" және "алаяқтық" қылмыстарын жасады деген күдік таққан.

6 наурызда Өзбекстан ІІМ қызметкері Әлішердің әкесі қамалардан шамамен он күн бұрын Мәскеуге қашып кеткенін хабарлады. Дереккөз мәліметтеріне қарағанда, Рашид Қадыров 22 ақпанда ұстаған, республика Бас прокуратурасы күдіктіні 23 ақпанда ұстағанын жариялаған.

Дереккөз мәліметіне қарағанда, қылмыстық істеп қарап жатқан тергеушілер Әлішермен WhatsApp менеджері арқылы келіссөздер жүргізіп жатыр.

Осы келіссөздер нәтижесінде Әлішер Қадыров "Инфибанк" арқылы 20 млн долларды мемлекетке қайтарған. Бірақ өзбек кәсіпкерлері Рашид Қадыровқа "сыйлық немесе пара" ретінде берілген қаражат 500 млн доллар деп арызданған.

– Әлішер Қадыров Мәскеуде шенген визасын аштыруға талпынып жүр. Виза ала алса, ол Ұлыбританиядан саяси баспана сұрайды, - деді өзбек кәсіпкерлерінің бірі.

XS
SM
MD
LG