Ссылки доступа

Атамбаев өкілдері Текебаев адвокаттарының мүлкін сатуды талап етті


Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың өкілдері "Атамекен" оппозициялық партиясының жетекшісі Өмірбек Текебаевтың адвокаттарының мүлкін саудаға шығаруға талпынды.

"Ата Мекен" партиясы жетекшісінің заңгері Канатбек Азиздің журналистерге хабарлауынша, Атамбаев өкілдері заңгер Таалайгуль Токтакунованың пәтерін саудаға қоюын сұраған. "Менде ешқандай мүлкі жоқ, сол себепті ештеңе сата алмайды. Бірақ біз Таалайгүл Токтакунова екеуміз өткен жылдың желтоқсанынан бері жалақы алмадық. Біздің банктердері есептеріміз бұғатталды. Біз Атамбаев райынан қайтар деп үміттенген едік", — дейді Азиз.

2017 жылы наурызда заңгерлер Таалайгүл Токтакунова мен Канатбек Азиз баспасөз мәслихатын өткізіп, Бішкек түбінде апатқа ұшыраған Boeing 747 бортындағы тауарға Қырғызстанның сол кездегі президенті Алмасбек Атамбаевтың қатысы бар деп мәлімдеген.

Кейін Қырғызстанның бас прокуратурасы заңгерлерді сотқа берді. Айдандық соттан бастап Жоғарғы сотқа дейінгі инстанциялардың барлығы прокурор талабын қанағаттандырып, Токтакуна мүлкін мөрледі.

Заңгерлер сот шешімімен келіспейтіндерін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG