Ссылки доступа

Медина қонақүйінде тәжік кәсіпкері мен отбасы мүшелері өлі күйінде табылды


В доме Бахтиёра Додохонова

Сауд Арабиясы қаласындағы қонақ үйлердің бірінде 33 жастағы тәжік кәсіпкері Бахтиер Додохонов пен оның әйелі және екі баласы өлі күйінде табылды.

Додохоновтардың туыстары марқұмдардың денелері 5 наурызда табылғанын, бұл хабарды келесі күні ғана естірткенін айтты.

Әзірге Тәжікстан және Сауд Арабиясы бірнеше кісінің өліміне қатысты ресми ақпарат таратқан жоқ.

Бахтиер Додохонов Тәжікстанда белгілі кәсіпкер болды. Он күн бұрын ол отбасымен бірге кіші қажылық жасау үшін Мединеге кеткен. Умра 21 күнге созылады. Додохоновтардың елге қайтатын билеттері болған.

XS
SM
MD
LG