Ссылки доступа

Түркіменстанда мемлекеттік қызметте жаппай қысқарту жүргізілмек


Түркіменстанның бірнеше аймағында Азатлыктың дереккөзі мемлекеттік мекемелерде кезекті қысқарту басталғалы жатқанын хабарлады.

Түркіменстандағы білім және мәдениет саласындағы қызметкерлердің Азатлык редакциясына жазған бірлескен хатында Ашхабадтағы кітапханаларда, мұражайларда және мәдениет орталықтарында жұмыс орны қысқартылатыны айтылған.

Азатлык редакциясы әзірге хаттағы ақпараттың растығына дәлел келтіре алмайды. Бірақ хатта мыңнан астам бюджеттік қызметкерді қысқарту көзделгенін, оның ішінде орта мектептің жүздеген мұғалімі де кіретіні айтылған.

Былтыр күзде Түркіменстанның медицина, білім және мәдениет саласындағы зейнет жасына жеткен қызметкерлерді қысқарту туралы биліктің арнайы бұйрығы шыққаны хабарланған.

Былтыр қараша айында су шаруашылығы және мұнай саласындағы қызметкерлер штаты қысқартылған. Жергілікті бақылаушылар сол кезде мұны елдегі дағдарыспен байланыстырған.

XS
SM
MD
LG