Ссылки доступа

Киевте түркімен студенті өз-өзіне қол жұмсаған университет басшылығын жемқорлықпен айыптады


Украина ақпарат құралдары Киевтегі университетті жемқорлық жайлағаны туралы хабарлады. Бұл оқу орнында оқыған Түркіменстан азаматы өз-өзіне қол салған еді.

ТСН порталында жарияланған "Студенттер Богомолец университетіндегі жемқорлықты ашты" сюжеттен соң, "Народная правда" басылымы бұл оқу орнындағы пара түрлерінің тізімін дайындады.

Екі деген бағаны жою үшін 200 гривен жеткілікті, ал емтиханды жақсы тапсыру үшін мың гривен қажет болады. Мұнда қымбат алкоголь және экзотикалық көкөніс үлкен сұранысқа ие, делінген басылым материалында.

Бұның алдында университет ректоры мен шетел студенттері жөніндегі декан орынбасары жұмыстан кеткен еді.

19 ақпанла Киев прокуратурасы Түркіменстанда туған өзбек қызы, 19 жастағы студент Муккадас Насырлаеваны өзіне қол жұмсауға итермелеуге қатысты қылмыстық істі ашты. Тергеу мәліметі бойынша, студент қыз Киевтегі көпірден секіріп кеткен. Университет басшылығы оның визасын создыруға қажетті құжаттарды дайындап бермеген.

XS
SM
MD
LG