Ссылки доступа

Алматыда Орталық Азия әйел-режиссерлер кинофестивалі өтіп жатыр


Алматыда бүгін Орталық Азия әйел-режиссерлерінің кинофестивалі ашылды. Мұнда шамамен 20 қысқаметражды және үш толықметражды фильм көрсетіледі.

Кинотуындылардың көбісін қазақстандық режиссер әйелдер дайындаған. Мұнда Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан режиссерлерінің фильмдері де көрсетіледі.

9 наурызда түске дейін қысқаметражды фильмдер, ал түстен кейін толықметражды фильмдер көрсетіледі. Нағима Исабаеваның "Нағима", Катерина Суворованың "Ертең теңіз" және Умида Ахмедованың "Пәктік құны" атты толықметражды фильмдері көпшілік назарына ұсынылады.

Кинофестиваль соңында "Орталық Азиядағы әйел және кино" тақырыбында пікір-талас өтеді.

Бұл шара FemAgora Central Asia гендерлік теңдік апталығы (8–10 наурыз) аясында, Фридрих Эберт (Германия) қорының қолдауымен өтіп жатыр.

XS
SM
MD
LG