Ссылки доступа

Шавкат Мирзияев мемлекеттік сапармен Тәжікстанға келді


Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияев 9 наурызда таңертең алғашқы мемлекеттік сапарымен Душанбеге келді.

Тәжікстан астанасындағы халықаралық әуежайда өзбек президентінің тәжік әріптесі Эмомали Рахмон күтіп алды.

Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, екі күнге созылатын сапар барысында 25-тен астам құжатқа қол қойылады. Олардың арасында Мемлекеттік шекара туралы келісім де бар.

Өзбекстан президентін күтіп алу рәсімі Ұлт сарайында өтті. Одан соң Рахмон мен Мирзияев әңгімелесті. Ресми мәліметтерге қарағанда, бұл кездесуде саяси, сауда-экономикалық, инвестиция, қаржы, көлік және коммуникация, туризм және аймақтық әріптестік мәселелері талқыланады.

Одан соң Эмомали Рахмон мен Шавкат Мирзияев екі ел кәсіпкерлерінің бизнес-форумына қатысады. Мұнда 160-тан астам өзбек компаниясы өз өнімдерін ұсынған.

9 наурызда кешке «Кохи Борбад» сарайында "Достық кеші" атты концерт өтеді. 10 наурызда өзбек президенті Шавкат Мирзияев Тәжікстан парламентінің төменгі палатасының спикері Шукурджон Зухуровпен және ел премьер-министрі Кохир Расулзодамен кездеседі.

XS
SM
MD
LG