Ссылки доступа

40 қырғыз аспазы 110 метрлік шұжық пісіреді


Бішкекте 11 наурызда 110 метрлік шұжық пісіріледі. Бұл туралы Азаттыкқа шараны ұйымдастырушыларыдң бірі Эльнура Кулуева хабарлады.

Оның айтуынша, бұған дейін қазақ аспаздары 100 метрлік шұжық пісіріп, Гиннестің рекордтар кітабына енген. Сол себепті қырғыз аспаздары 110 метрлік ас дайындауды көздеп отыр. "Бірақ біз барлық назарымызды ет пісіруге аударамыз. Дайындық бүгіннен басталып кетті, сегіз жылқы сойылды. Акцияға 40 қырғыз аспазы қатысады", - деді Кулуева.

Олар бір тонна ет асуды көздеп отыр.

Бұл жараны «Ак элечек», «Ак калпак» және «Кыргыз тилектешиги» жобалары бірлесіп өткізеді. Оған Гиннес рекордтар кітабының өкілдері келеді.

Мақсат – ұлттық дәстүрді насихаттау.

2015 жылы Астанада ет асының рекорды тіркелген. Сол кезде ұлттық тамақ салмағы 736,5 келі болып, Гиннестік рекордтар кітабына енген.

XS
SM
MD
LG