Ссылки доступа

Тәжікстанның бұрынғы бас прокуроры Душанбедегі пәтерін қайтарып беруін талап етті


Бободжон Бобохонов
Бободжон Бобохонов

Тәжікстанның бұрынғы бас прокуроры Бободжон Бобохонов Душанбедегі үш бөлмелі пәтерін қайтарып беруін талап етті. Бұл пәтер 2016 жылы сот шешімімен Әділет министрлігіне берілген еді.

Бободжон Бобохоновтың айтуынша, қылмыстық іс материалдарына пәтер оның ұлы Файзулло Бобохоновқа тиесілі деп көрсетілген. «Шын мәнінде, бұл пәтер маған тиесілі. Мен оны бас прокурор болып тұрғанда алғанмын», - деді бұрынғы шенеунік.

Еске салайық, 2011 жылы Гиссар ауданының прокуроры Файзулло Бобохонов жеті жылға сотталды. Бас прокурор ұлына қатысты қылмыстық іс Жоғарғы сотта қаралды.

Жемқорлыққа қарсы күрес мекемесінің қызметкерлері оның мүліктерін тәркілеген.

Мемлекеттік құрылымдардағы дереккөз бұрынғы бас прокурор Бободжон Бобохонов сотқа шағымданғанын растады. Бірақ сот пәтерді Әділет минстрлігінің меншігінде қалдырған, деп хабарлады дереккөз.

XS
SM
MD
LG