Ссылки доступа

Өзбекстанда көл жағалауынан табылған шақалақтың анасы ұсталды


Озеро рыбного хозяйства в Кизирикском районе Сурхандарьинской области.
Озеро рыбного хозяйства в Кизирикском районе Сурхандарьинской области.

Өзбекстанның Сұрхандария облысы Кизирик ауданында жаңа туған нәрестесін өлтірді деген күдікпен бір әйел ұсталды. Шақалақтың өлі денесі 7 наурызда көл жағалауынан табылған.

Осы оқиғадан соң Кизирик ауданындағы колледж студенттерінің барлығын гинекологтар мәжбүрлі түрде тексеріп шықты. Баланы Педагогикалық колледждің 17 жастағы студенті туғаны анықталды.

Білім мекемесінің басшылығы жергілікті әкімшілікке шақыртылған.

Махалла белсендісінің сөзіне қарағанда, қыз нәрестені үйінде босанып, оны тұншықтырып өлтіріп, денесін көлге тастаған. "Мен ол қыздың әкесін танимын. Ол бұрын біздің ауданда тракторшы болып істеген. Кейін Ресейге кеткен. Қыз әкесінің қарауынсыз қалған, анасымен бірге білгендерін істеген", - деді белсенді.

Іс тергеліп жатыр, милиция бұл іске қатысты пікір білдіруден бас тартты.

XS
SM
MD
LG