Куәгерлердің айтуынша, үйлерінен әлі көшпеген тұрғындарды әкімшілік заңды бұзды деп айыптап, ішкі істер басқармасына алып кеткен. Үйлерінен күштеп шығару кезінде милиция қызметкерлері физикалық күш қолданған.
Қала әкімдігі тұрғындардың барлығы күштеп көшірілетіні, олардың шағымы қаралмайтынын хабарлады.
"Біріншіден, бұл азаматтардың бәрі жаңа үймен қамтамасыз етілген. Сол үшін біз оларды ескі үйлерінен шығаруға құқығымыз бар. Бір ай бұрын біз оларға ескерттік. Олар өз үйлерінен кеткісі келмейді. Қарсыласқан азаматтарды жауапқа тартамыз", – деп мәлімдеді Ташкент қаласы әкімдігінің қызметкері Бекзод Мадрахимов.
Жаңа құрылыс басталатын ауданда тұратын зейнеткер-мұғалім Зироат билік пен үйлердің тұрғындары әлі бір шешімге келген жоқ дейді.
"Яшнабад ауданында көп қабатты жаңа үйдің құрылысы бес айдан кейін аяқталады. Біз әзірге азаматтарға алты айға пәтер жалдап тұру үшін, ақша бөлдік. Олар ақшаны алып алып, жолды жабуға әрекет етіп жатыр, биліктен тағы да бірнәрсе талап етеді", - дейді Бекзод Мадрахимов.
Tashkent City жобасының жалпы құны 1 млрд АҚШ доллары.