"Бұл британ парламентіндегі цирк шоуы. Айтпаса да түсінікті: арандату мақсатында жасалған кезекті ақпараттық-саяси науқан", — деді Захарова.
СІМ өкілінің мәлімдеуінше, Британияда бұған дейінгі Литвиненко, Березовский, Перепиличний және басқаларының істері қалай аяқталғаны айтылуы керек.
12 наурызда Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Бас барлау басқармасының бұрынғы полковникі Сергей Скрипальді жүйке талмасын тудыратын затпен улағанын, әскери мақсаттағы бұл заттың Ресей зертханасында дайындалғанын мәлімдеген.