Ссылки доступа

Ұн тапшылығы тұсында Түркіменстан президенті "бидай өнімі мол болды" деді


Ұн тапшылығы тұсында Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов былтырғы астық өнімін "айтарлықтай көтерді".

"Былтыр диқандар бір жарым миллион тонна бидай және 1 миллион 100 мың тонна мақта жинады. Ауыл шаруашылығы өнімі бай болды", - деген мемлекет басшысының мәлімдемесін ТДХ мемлекеттік ақпарат агенттігі таратты.

Осыған дейін жергілікті БАҚ 2017 жылы жиналған астық бір миллион тоннадан сәл асады деп хабарлаған. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы саласына жауапты шенеуніктердің президенттен қатаң сөгіс естігенін де жазған.

"Мүмкін наурыз айында Бердімұхамедов бір миллионды бір жарым миллион деп жаңылып сөйлеген болар", - деп жазады "Түркіменстанның балама жаңалықтары" басылымы.

2017 жылдың желтоқсан айынан бастап Түркіменстанда ұн тапшылығы байқалып, азық-түлік бағасы өсті. Азаттықтың түркімен қызметінің дереккөзіне қарағанда, мемлекет бақылауындағы дүкендерде ұн шектеулі сатылады. Түркіменстан билігі елде ұн жетіспейтігіндігін ресми түрде мойындап отырған жоқ.

XS
SM
MD
LG