Ссылки доступа

Өзбекстанда бұрынғы тергеуші түрмедегі азаптау жайында айтты


Өзбекстанда "қатыгез тергеуші" ретінде танылған Фаррух Тохтимаметов өзі абақтыға түскеннен кейін, көзқарасын өзгерткенін мәлімдеді.

Олар мені кішкентай торда 12 ер адаммен бірге жалаңаш ұстады", – деді Стамбұлдың ауруханасында Азаттықтың өзбек қызметіне берген сұхбатында. Тохтимаметов өзін ұрғанын, кемсіткенін, медициналық көмексіз қалдырғанын айтады.

42 жастағы Фаррух Тохтимаметов Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметі тергеу басқармасының бірінші бөлімін басқарды. Оны 2014 жылдың мамыр айында Сұрхандария облысына іссапармен барған кезде тұтқындаған. "Мені жергілікті ҰҚҚ-ның екі офицері Сұрхандария әуежайында қолымды қайырып алып кетті. Олар менің құжатымды тартып алды, басыма қап кигізіп, еш түсіндірместен алып кетті", – деп еске алады ол. Тохтимаметов өзін әскери түрмеге апарып, тек иттер ғана сыятын торға тықты дейді.

Кейін оған қызметін асыра пайдаланды деген айып таққан.

Тохтимаметовтің айтуынша, Сұрхандария түрмесінде 45 тәулік отырған.

Бұрынғы тергеуші түрмеде отырғандардың қалай азапталатынын түсінгенін айтады. Бірақ өзі ҰҚҚ қызметкері болған кезде, өзгелерді соққыға жыққанын мойындамады.

XS
SM
MD
LG