Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Ташкенттегі жедел жәрдем көрсету орталығының балалар хирургы Дониёр Асадуллаев сәбидің денесінде әлі үш ине қалғанын, бірақ олар баланың денсаулығына кері әскер етпейтінін айтқан. Азизбек аймақтық дәрігерлердің бақылауында болады екен.
Еске сала кетейік, 17 қаңтарда 11 айлық Азизбек Абдумажидовтың денесінен 16 ине табылған. Оған тоғыз сағат бойында операция жасалып, 13 инені алған.
Бірақ операциядан кейін Азизбек комаға түсіп қалды. Дәрігерлердің айтуынша, инелер сәбидің денесінде екі ай бойында болған. Бұл инелер баланың денесінде қалай пайда болғанын әлі ешкім ашық айтқан жоқ. Құқық қорғау органдары бұл оқиғаны зерттеп жатыр. Бірақ дәрігерлердің айтуынша, сонша инені сәбидің жұтып қоюы мүмкін емес.