Ссылки доступа

Меркель төртінші рет қатарынан Германия канцлері болып сайланды


Германияда Бундестаг депутаттары сәрсенбі күні Христиан-демократиялық одағының лидері (ХДО) Ангела Меркельді Германия канцлерлігіне сайлады. Осылайша, Меркель төртінші рет қатарынан ГФР канцлері болып сайланды.

Меркельдің кандидатурасын тек 364 депутат қолдады, оған "қарсы" 315-і дауыс берген. Тоғызы қалыс қалған.

2017 жылдың қыркүйек айында өткен сайлауда Меркельдің консервативті блогы жеңіске жеткен. Бірақ нәтижесі тарихтағы ең төмен көрсеткіш – ол бар-жоғы Бундестагтың 34,70 пайыз орнын алған.

Жарты жыл бойы Меркель коалиция жөнінде келіссөздер жүргізді. Бастапқыда Еркін демократиялық партия (FDP) либералдарымен, бірақ қараша айында біріншісі "Меркельмен ортақ идеямыз жоқ" деп қарым-қатынасты үзген. Осыдан кейін Меркель Мартин Шульц басқаратын Германияның Социал-демократиялық партияның қолдауына үміт артты. Қаңтар айынан бері жаңа кабинет құру жөнінде келісімге келді.

Съезд ХДС поддержал курс Ангелы Меркель на коалицию с СДПГ
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:53 0:00

XS
SM
MD
LG