Саммитке Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан президенттері және Түркіменстаннан парламент спикері бастаған делегация қатысады. Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдайды деп жоспарланған.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Астанаға 14 наурыз күні ресми сапармен келген. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Астанаға бүгін жұмыс сапарымен келді. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің баспасөз қызметі президенттің бүгін Астанаға ұшып кеткенін хабарлаған.
14 наурыз күні Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі Орталық Азия елдері басшыларының кездесуі "Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің ұсынысымен өтетінін" және Қазақстан басшылығы оны Астанада өткізуге ұсыныс жасағанын хабарлаған.