Ссылки доступа

Якутскіде ұшақтан 3,4 тонна алтын мен платина шашылған


Якутияда жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бейсенбі күні таңертең әуежайда ұшып-қону жолағында 3,4 тонна алтын мен платина және бриллианттар шашылып қалған.

Жергілікті ІІМ басқармасы оқиғаны растады. Ресми болжам бойынша, "Нимбус" әуе компаниясының Ан-12 жүк ұшағы ұшар алдында сол жақ есігі жұлынып кеткен.

"Алдын ала ақпарат бойынша, 3,4 тонна болатын 172 құйма табылды. Жүк дұрыс тиелмеген. Алтынның жартысы шашылып қалған, қалған 9 тоннасы орнында", - дейді ІІМ басқармасының өкілі.

Кейбір мәліметке қарағанда ұшақта күміс артылған.

"Менің ақпаратым бойынша, ұшақта күміс құймалар болған. Барлығы 200 құйма болған", - дейді "Интерфакстың" РФ Тергеу комитетіндегі дереккөзі.

Снимок, присланный пользователями в редакцию yakutiamedia.ru
Снимок, присланный пользователями в редакцию yakutiamedia.ru

Бортта экипаждың бес мүшесі болған. Ешқайсысы зардап шекпеген. Ұшақ Якутскіден 12 шақырым қашықтықтағы Маган ауылына қонған.

Оқиға куәгерлері әуежай айналасында бағалы құймалар шашылып жатты, аймаққа ешім жіберілмеді дейді.

Sakhaday мәліметі бойынша, ұшақ "Купол" кеніші – Красноярск бағыты бойынша ұшқан. Якутск әуежайына май құю үшін тоқтаған. Ресей Орталық банкінің бағамы бойынша, алтынның бір граммы 2 425,42 рубль тұрады. Ұшақтағы алтын құны шамамен 21,8 млрд рубль болады.

XS
SM
MD
LG