"Әрбір уәлаяттан Ашхабадқа мейрам қарсаңында дайындық жұмыстарын жүргізу үшін 150 адам келді. Дашогуз және Балканнан көбі пойызбен келді", - дейді Ашхабад шолушысы Аманмырат Бугаев.
Мейрамға дайындық жұмыстары астанадан 20 шақырым жердегі "Ахал яйласы" алаңында өтіп жатыр екен. Осы жерде Наурыз мейрамы аталып өтпек.
Азатлык дереккөзіне қарағанда, бұл жерде арнайы тағайындалған режиссердің жетекшілігімен бір апта бойы дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Ал дайындыққа қатысушылар барлық шығынды өз қалталарынан шығарып жатыр екен. Қатысушылардың бірі Азатлыкқа астанадан тек жататын орын ғана тегін ұсынғанын, қалған жол, тамақ шығынның бәрін өздерінің төлеп жатқанын айтады.
"Біз пойызға билетті өзіміз сатып алдық. Бізге Ашхабадтан келгеннен кейін, шығынды өтеп береміз деді. Бірақ мұнда келгендердің 35-40 пайызы әлі күнге дейін ақпан айының айлығын алған жоқ. Басқа амал жоқ, жұмыстан айырылып қалмас үшін, талапты орындауымыз керек", - дейді өзін Айболек деп таныстырған мәдениет саласының өкілі.