Сердар Бердімұхамедов Астанаға 15 наурызда Орталық Азия елдері мемлекет басшыларының кездесуіне Түркіменстан парламентінің спикері Акджа Нурбердыева бастаған делегация құрамында қатысуға келген.
Қазақстан президенті Орталық Азия елдері басшыларының кездесуі қарсаңында Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан басшыларымен жеке кездескен. Назарбаев Түркіменстан парламентінің спикері Акджа Нурбердыевамен жеке кездеспеген.
36 жастағы Сердар Бердімұхамедов Түркіменстанда 25 наурызда өтетін парламент сайлауына үміткер ретінде қатысады.