Ссылки доступа

Түркіменстанда жалғыз ақша аударатын MoneyGram кеңсесі жабылды


Кеңсе Ашхабадтағы "Сенагат" коммерциялық банктің ғимаратында орналасқан. Азатлык тілшісінің хабарлауынша, кеңсе 9 наурызда жабылған.

"Негізгі себебі "Сенагат" банкі "Гарагум" банкімен біріккен, сонымен бірге "Сенагат" "MoneyGram-мен әріптестік орнатудан бас тартқан", - деп хабарлады Ашхабад шолушысы Аманмырат Бугаев.

"MoneyGram" компаниясы әлі түсініктеме бермеді. Аталған компания Түркіменстанда 2015 жылдың маусым айынан бері "Гарагум" банкімен келісім негізінде жұмыс істей бастаған.

Осының алдында Түркіменстанда Western Union жүйесі бойынша да ақша аудару қызметіне шектеу қойылғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG