Ссылки доступа

Трамп Наурызбен құттықтап, Иранды сынға алды


АҚШ президенті Дональд Трамп Наурыз мейрамын атап өтетін елдердің миллиондаған халқын Жаңа жылмен құттықтап, Иран үкіметін сынға алды.

Президент мәлімдемесінде Наурыз тарихы Иранмен тығыз байланысты дей келе, «тәкаппар халық мыңдаған жылдар бойы мәдениеті мен табандылығы арқасында үлкен сынақтарды өткерді» деп атап өтеді.

"Жиырма бес ғасыр бұрын Ұлы Дарий Құдайдан Иранды үш нәрседен қорғауды сұрапты: дұшпан армиядан, құрғақшылықтан және өтіріктен. Бүгінгі күні Ислам революциясының күзет корпусы осы үшеуімен өз халқын шабуылдап отыр. Өтірік олардың ресми саясатына айналды", – деп мәлімдеді Ақ үй иесі.

Трамп ирандықтар өздерінің құқықтарын қалпына келтіруге ұмтылып жатыр деді. «Құрама Штаттар Иран халқын әлемдік қауымдастықпен бірге болғысы келетін ұмтылысын қолдайды» деді ол.

"Жаңа жылда жарық түнді жеңіп, жаңа күнде Иран халқы бейбітшілікке, гүлденуге және қуанышқа қол жеткізсін", – деп аяқтайды АҚШ президенті.

XS
SM
MD
LG