Ссылки доступа

Түркіменстандағы сайлау туралы репортаждарды екі апта бұрын "түсіріп" алған


Түркімен мемлекеттік телеарналары елдегі парламенттік сайлау туралы видео репортаждарын дауыс беруге екі апта қалғанда түсіріп алған. Материалдар сайлау күні көрсетілген. Бұл туралы Азатлыктың Дашоғыздағы дереккөзі хабарлады.

25 наурызда түркіменстандықтар ұлттық парламент – Мәжіліс депутаттарын, бұған қоса қалалық және облыстық кеңес мүшелерін сайлады. «Бюджет қызметкерлерін жинап алып, сайлау учаскелерінен репортаждар түсірген. Сайлау өткізуге шақырылған адамдар бюлеттендерді өздері толтырып, сайлауға «дауыс берушілердің қаншай пайызы жиналғанын» хабарлаған», - деді Азатлык радиосының дереккөзі. Ол репортаж түсіру сәтіне куә болған.

Азатлык радиосы Түркіменстанның сайлаулар мен референдумдар өткізу жөніндеші орталық комиссиясынан осы жағдайға қатысты пікір білдіруін сұраған. Комиссияның жауапты қызметкерлері бұл мәліметтерді «жалған» деп атаған.

Ресми мәлімет бойынша, парламент депутаттығына 284 үміткер ұсынылды, солардың арасында президенттің ұлы Сердар Бердымұхамедов те бар.

XS
SM
MD
LG