Ссылки доступа

ІІМ: қызметкерлерге көк шары бар адамдарды ұстау туралы нұсқау берілген жоқ (видео)


Қазақстанның ішкі істер министрлігі қызметкерлеріне Наурыз мерекесі кезінде көк шары бар адамдарды ұстап, шарларды тартып алу туралы нұсқау бермеген.

Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев 26 наурызда осылай деп мәлімдеді.

"Жергілікті полиция қызметі әкімдіккке қарайды. Солар жауапты. Бізден ешқандай нұсқау болған жоқ. Бұл сауалды әкімдікке қойыңыз. Ішкі істер департаменті қызметкерлері тарапынан мұндай әрекет болған жоқ", - деді Сәдубаев.

Наурыз мерекесін тойлау кезінде Астанада қолдарына көк шар ұстаған бірнеше адамды полиция ұстап, кейін оларды хаттама толтырмастан босатып жіберген. Полиция тілшілерге бұл әрекетін мереке кезінде тәртіпті "күшейту" шарасы деп түсіндірген.

Атай кетейік, көк шарларды Қазақстанда тыйым салынған Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысымен, оның жетекшісі олигарх Мұхтар Әблязовпен байланыстырады. Қозғалыс өз жақтастарын мереке күндері көк шармен шығу арқылы саяси наразылығын білдіруге шақырған.

XS
SM
MD
LG