Ссылки доступа

Өзбекстан Кабул мен тәлібтер арасында келіссөз жүргізуді ұсынды


Өзбекстан Ауғанстан үкіметі мен тәлібтер арасында бейбіт келіссөздер жүргізуді ұсынды. Осылайша Ташкент көрші елдегі жанжалды реттеу үшін арағайындық жасағысы келеді.

«...Біз Өзбекстан жерінде Ауғанстан үкіметі мен тәлібтер арасында тікелей келіссөздер ұйымдастыруға дайынбыз», — деп мәлімдеді Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ташкенттегі халықаралық конференцияға. Форумға Ауғанстан президенті Ашраф Гани де қатысты.

«Халықаралық террористік ұйымдардың Ауғанстанды өз ұясына айналдыруына жол бермеуіміз керек», – деп мәлімдеді Мирзияев.

Бұл уақытта, АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Томас Шеннон қозғалыс өкілдері Ауғанстан үкіметімен келіссөздер жүргізбесе, АҚШ "Талибанмен" күресін жалғастыра береді деп мәлімдеді.

«Біз барлықтарыңызды келіссөз үшін күш салуға шақырамыз. Егер "Талибан" бұл ұсынысқа құлақ аспаса, онда олармен күресуден басқа амал қалмайды», – деді Шеннон.

Ташкенттегі конференцияға Еуропалық Одақтың сыртқы саясат мекемесінің басшысы Федерика Могерини және Ресей, Қытай, Түркия секілді елдердің сыртқы істер министрлері де қатысты. Бірақ бұл форумға тәлібтер келген жоқ.

XS
SM
MD
LG