Ссылки доступа

Ұлыбритания ресейлік дипломаттарды қудалап жатқанын мақұл көрді


Борис Джонсон
Борис Джонсон

Ұлыбритания әлем бойынша ресейлік тыңшы деген күдікке іліккен дипломаттарды жаппай қудалап жатқанын мақұл көрді. Ресей мұндай қудалауларды АҚШ тарапынан жасалған ауқымды қысымның нәтижесі деп атады.

Дипломаттарды елден шығаруға ресейлік қос агент Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияны Солсбери қаласында 4 наурызда улап өлтіруі себеп болды.

26 наурызда 22 үкімет 116 дипломатты елдерінен шығарған. Мұндай ауқымды шара соңғы мәрте қырғи-қабақ соғыс кезінде ғана болған.

"Ресейлік дипломаттарды бұрын-соңды мұншама көп ел қуған емес", - деп жазды Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Борис Джонсон "Таймс" басылымына. Оның пікірінше, "Ресей барлауына мұндай соққыдан айығу үшін бірнеше жыл кетуі мүмкін".

Бұның алдында АҚШ президенті Дональд Трамп 60 ресейлік дипломатты шығарып, Сиэтлдағы Ресей консулдығын жабуға қаулы еткен еді. Еуропа елдері де осындай шараға жүгінді.

.

XS
SM
MD
LG