Өрт шарпыған сауда орталығындағы адамдарды құтқарумен айналысқан Тәжікстан азаматтары туралы көптеген ақпарат құралдары жазып, әлеуметтік желілерде талқыланды. Тәжіктер орталыққа келушілерді дүкендерінің қосалқы шығу есігі арқылы сыртқа шығарған.
Озоди радиосына 28 наурызда берген сұхбатында Душанбе тумасы Фарзон Салимов адамдарды құтқары парызы екенін айтты.
"Адамдарды үрей биледі, бастылып қалып жатты. Барлығы сыртқа шығуға ұмтылды. Эскалатор маңында қарт кісілер, әйелдер мен балалар көптеп жиналып қалды. Олар қою түтіннен көшеге қалай шығу керектігін білмеді. Кейбіреуі тұншыға бастады. Біз олардың барлығын қосалқы есік арқылы шығардық", - деді Фарзон.
Кейін ол отандасы Махмуд Хожаевпен бірге сауда орталығының басқа бір бөлігінде қалып қойған адамдарды құтқарумен айналысқан. "Біз лифтінің маңына жиналып қалған адамдардың көшеге шығуына көмектестік. Онда екі адам мүгедек арбасында отыр екен... Олар бізге алғыс айтумен болды. Айтқым келгені, осы адамдарды құтқару арқылы біз азаматтық парызымызды ғана өтедік".
Фарзон Салимов 2003 жылдан бері Ресейде тұрады. Ол сол елде жоғарғы оқу орнын бітірген, Ресей азаматтығын алған. Қазір отбасымен Кемерово қаласында тұрады. "Зимняя вишня" сауда орталығындағы киім дүкенінде Фарзонмен бірге тағы төрт тәжікстандық жұмыс істеген.
Ресми мәлімет бойынша, сауда орталығындағы өрттен 64 адам қаза тапқан.