Ссылки доступа

Тәжікстанда подполковникті 100 мың доллар иемденді деп айыптады


Душанбе қаласының Сино аудандық прокуратурасы азаматтардың ішкі істер министрлігіне қарасты "Вохиди махсус" арнайы жасағы кадр бөлімінің бұрынғы басшысына арызын қарай бастады. Астана тұрғындарының арыздарында Шерзод Шарифзода алаяқтық жолмен 100 мың доллар иемденгені айтылған.

Елдің ішкі істер министрлігі алдын ала тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Шарифзода биыл қаңтар айында қызметтен кеткен, содан бері құқыққорғау құрылымдарында жұмыс істемеген.

Астана тұрғындарының бірі Шарифзоданың арнайы жасаққа жұмысұа тұрғызу үшін ақша сұрағанын шағымында көрсеткен. Бірнеше жыл бұрын ол подполковникке 1,5 мың доллар берген. "Шерзод Шарифзода мені арнайы жасаққа жұмысқа тұрғызамын деп уәде берген. Содан бері бірнеше жыл өтті, жұмыс та жоқ, ақшаны да қайтармайды", - деді шағымданушы.

Душанбенің 40 жастағы тұрғыны Савронби болса подполковниктің шамамен 7 мың доллар қарыз алғанын, үш жылдан бері қайтармай жүргенін айтқан.

Осындай фактілер жетерлік. Солардың бәрін қосқанда, Шарифзоданы 100 мың доллар меншіктеді деп айыптап отыр.

2010 жылы Шерзод Шарифзода ішкі істер министрлігінің ішкі әскерінде қызметте жүргенде алаяқтығы үшін ұсталып, рақымшылықпен босап шыққан.

XS
SM
MD
LG