Ссылки доступа

Ферғаналық миллионер Өзбекстанда бронды автомобильдер зауытын салғысы келеді (видео)


Узбекский миллионер-машиностроитель Улугбек Максумов.
Узбекский миллионер-машиностроитель Улугбек Максумов.

Өзбекстанның Ферғана облысының тумасы, 38 жастағы машина жасаушы Ұлықбек Максумов Өзбекстанда бронды автокөліктер зауытын салуды жоспарлаған.

Миллионер родом из Ферганы хочет построить в Узбекистане завод по производству бронеавтомобилей
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:31 0:00

Қазір Біріккен Араб Әмірліктерінде тұратын кәсіпкердің айтуынша, өзбек президенті Шавкат Мирзияевтің ел экономикасына инвестиция салғысы келетін инвесторларға жағдай жасау туралы мәлімдемесінен соң, кәсіпкер отанында зауыт ашқысы келген.

"Өзбекстан президенті жүргізіп отырған реформалар халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған. Мен Ферғанада өстім. Отаныма барып, жүздеген жұмыс орнын ашып, өз елімнің дамуына үлес қосқым келеді", - деді Ұлықбек Максумов.

Ол Біріккен Араб Әмірліктеріне 2006 жылы турист ретінде барған. 2012 жылы Максумов Дубайда әскери және әскери емес INKAS бронды автокөліктер шығару зауытын іске қосты. Қазір зауыт жылына орташа есеппен 800 бронды көлік шығарады. INKAS - Дубайда бронды автокөлік шығаратын ең ірі зауыт.

Максумов сөзіне қарағанда, қазір оның зауыты бронды автокөліктердің он түрін шығарады.

XS
SM
MD
LG