Ссылки доступа

Өзбекстанда алғаш рет басып шығарылған Құранға сұраныс көп (видео)


Өзбекстанда алғаш рет басып шығарылған Құран кітабын алғысы келетіндер өте көп. Озодлик радиосы тілшісінің хабарлауынша, тәуелсіз Өзбекстан тарихында кітап үшін мұндай ұзын-сонар кезек бұрын-соңды болған емес.

Қасиетті Құран "Хилол" баспасында басып шығарылды. Бұл баспаны кезінде шейх Мұхаммад Садық Мұхаммад Жүсіп құрған.

В Ташкенте люди выстроились в очереди за Кораном, впервые изданным в Узбекистане
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:30 0:00

Кітап алыпсатарлардың қолына өтіп кетпес үшін, баспа басшылығы әрбір сатып алушыға бір ғана Құран берілетінін хабарлады. Кітап 31 мың сум (шамамен 3,75 доллар) тұрады.

Озодлик тілшісінің хабарлауынша, Ташкенттің көне шахарындағы дүкенде жарты сағаттың ішінде шамамен 250 кітап сатылды. Өзбекстанда осы уақытқа дейін Парсы шығанағы елдерінде басылған Құран кең таралып келді.

Енді Өзбекстанда да қазіргі баспа ісі талаптарын сай Құран басып шығарылды. "Хилоп" баспасы Қасиетті кітапты Египеттің "Дарус-салам" баспа үйінің рұқсатымен басқан.

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы Құранды 50 мың тиражбен шығаруға рұқсат берді. Қазіргі таңда кітаптың 10 мың данасы басылған.

Құранның өзбекше аурамасы мен түсіндірмесі алғаш рет "Шарк юлдузи" журналында жарияланды. Құранның мағыналы аудармасын өзбек тіліне шейх ғалым Алауддин Мансұр әзірледі.​

XS
SM
MD
LG