Ссылки доступа

"Уральские авиалинии" әуе компаниясының Худжандтан Ресейге үш рейсін ұшырмай тастады


Ресейдің "Уральские авиалинии" әуе компанясының қолында билеті бар жолаушылары 28 наурызда кешкісін Худжандтан Екатеринбургке және Мәскеуге ұшып шыға алмады.

Ресей әуе компаниясы қызметкерінің айтуынша, Худжандқа Ресей қалаларынан үш рейс келіп, олар қайтадан жолаушыларды алып ұшулары керек болған. Бірақ бұл рейстер "Уральские авиалинии" мәселесінің шешілмеуіне байланысты ұшырылмады.

Әуе компаниясы өкілінің хабарлауынша, Тәжікстан мен Ресей биліктері бұл мәселені сәуір айының басында шешуі мүмкін.

Худжанд халықаралық әуежайының қызметкері Ресей әуе компаниясының рейстеріне қатысты қиындық 25 наурызда басталған. Бұның алдында, 12 наурызда тәжік билігі "Уральские авиалинии" компаниясының Пермь – Душанбе рейсіне тыйым салып, Ресей әуе билігін тараптар теңдігін бұзды деп айыптаған еді.

XS
SM
MD
LG