Ссылки доступа

АНТ: Түркіменстан 29 мың Visa картасын істен шығарды


Карты VISA выпущенная Внешэкономбанком Туркменистана (иллюстрация)
Карты VISA выпущенная Внешэкономбанком Туркменистана (иллюстрация)

Түркіменстанның Сыртқы экономикалық банкі ақпан айының ортасында 30 мың Visa карталарының шамамен 29 мыңын жапқан, деп хабарлады "Альтернативные новости Туркменистана" басылымы.

Түркіменстаннан тыс жердегі Visa карталарының шамамен 96 пайызы істен шығарылған. Басылым дереккөзінің мәліметіне қарағанда, Visa карталарын президент Гурбангулы Бердымұхамедов отбасына жақын адамдар мен кейбір кәсіпкерлер ғана қолдана алады.

Азатлык бұл мәселеге қатысты Түркіменстан сыртқы экономикалық банкінен қандай да бір мәлімет ала алмады.

"Альтернативные новости Туркменистана" басылымының хабарлауынша, карталарының істен шығуын түсіндіруін сұраған қолданушылар банкке келген. Олар бірнеше сағат бойы кезекте тұруға мәжбүр болған. Кезекте тұрудың өзі табыс көзіне айналған. "Vestniktm сайтында банкте кезекте тұрып беру қызметі үшін 40 манат (11 доллар) сұраған", - делінген басылым мақаласында.

Давка перед банком в Лебапе
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:29 0:00

XS
SM
MD
LG