Ссылки доступа

Өзбекстанда оқушыларға ата-аналарының коммуналдық қызмет бойынша қарызын біліп келуге тапсырған


Өзбекстанның Янгуль ауданында мектеп оқушыларына ата-аналарының табиғи газ, электр қуаты мен суға қарыздарын біліп келуді тапсырған.

26 наурызда бұл аудандағы әрбір мектептегі 6-9 сынып оқушыларынан үш күннің ішінде коммуналдық қызметке қатысты сауалнаманы толтырауын талап еткен. Оны уақытылы өткізбеген оқушыларға "жаман баға қойылатыны" ескертілген.

Оқушылардың ата-аналары мектеп басшылығының бұл әрекетіне наразы болып отыр. "Бұған мектептің не қатысы бар? Оның үстіне мұғалімдер балаларды жаман баға қоямыз деп қорқытып қойған", - деді аудан тұрғыны Наталья Верченко.

Янгуль ауданындағы бір мектептің директоры мұндай тапсырма аудан әкімдігінен түскенін айтты.

Бас прокуратураға қарасты Мәжбүрлі түрде орындату бюросының баспасөз қызметі мұндай жағдайдан хабарсыз екенін хабарлаған.

В Намангане сотрудников газового предприятия встретили с ножами
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:00 0:00

XS
SM
MD
LG