Ссылки доступа

Тәжікстанда шетелге шығу төлқұжатын алғысы келетіндер көбейіп келеді


Тәжікстан ішкі істер министрлігі Тіркеу және виза ашу бөлімінің хабарлауынша, Өзбекстанға 30 күнге визасыз баруға рұқсат берілген соң, тұрғындардың шетелге шығу төлқұжатын жасатуға деген қызығушылығы едәуір өскен.

Тәжікстан ішкі істер министрлігі Тіркеу және виза ашу бөлімінде көптеген жылдан бері алғаш рет кезек пайда болды. Мекеме қызметкері Мухсин Хамидовтың айтуынша, бұрындары тұрғындар Ресейге жұмысқа бару үшін шетелге шығу төлқұжатын жасатып жүрсе, енді көпшілік Өзбекстанға бару үшін құжат дайындатуға кіріскен.

Өзбекстанға бір айға визасыз баруға рұқсат берілген соң, шетелге шығу төлқұжатын жасатқысы келетіндер саны 30 пайызға көбейген.

Тәжікстан мен Өзбекстан арасында жақында белгіленген тәртіп бойынша, екі ел азаматтары шетелге шығу төлқұжатымен ғана көрші елге бара алады.

Қазір Тәжікстанның биометрикалық шетелге шығу төлқұжатын жасату құны - 75 доллар. Бұған қоса құжат жасатушы салық ретінде 75 сомони және қызмет көрсетуге 40 сомони төлейді.

XS
SM
MD
LG