Ссылки доступа

Өзбекстандық медбике жұмыстан заңсыз шығарғаны үшін өзіне қол жұмсауға талпынған


Медсестра Гульруз Дустова в отделении реанимации.
Медсестра Гульруз Дустова в отделении реанимации.

Өзбекстанның Учкудук ауданындағы №2 Навои атындағы тау-кен металлургия комбинатының медициналық-санитарлық бөлімінде істеген медбике Гүлрух Дустова өзіне қол жұмсауға талпынған.

Бұл оқиға 28 наурызда болды. 29 жастағы әйелдің күйеуі Мұхаммад Ахадовтың айтуынша, Гүлрухтың мұндай жағдайға дейін жетуіне кәсіпорын басшылығының оны медбикеліктен алып тастап, еден жуу жұмысын ұсынғаны себеп болған. "Әйелімнің өмірін аман сақтап қалған дәрігерлерге рахмет", – деді Мұхаммад Ахадов.

Аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан Гүлрух Дустова басшылықтың әділетсіздігі осындай қадамға баруға итермеледі деді.

"Өткен жылдың қазан айында мен жұмыста болдым. Бөлімге қалатсыз бір кісі келді. Мен бөлімде балалар жатқанын, қалатсыз кіруге болмайтынын айтып, оны ішке кіргізбедім. Сол сәтте бөлімге бас дәрігердің орынбасары Эркин Ибрагимұлы кіріп келіп, маған айқайлай бастады. "Ақылың тасып бара ма?! Мен сені бұл жерде қалдырмаймын" деп айқайлады". Медбикенің айтуынша, осы оқиғадан соң оны жұмыста қудалау басталған.

Дустова жұмыстан заңсыз шығарғанына жоғарыдағы басшылықтарға, тіпті президент порталына дейін шағымданған. Бірақ оның сөзіне ешкім елемеген.

Медициналық бөлім бас дәрігерінің орынбасары Эркин Нормуродов медбикенің бұл шағымдарын жоққа шығарып отыр.

XS
SM
MD
LG