Ссылки доступа

Қырғызстанда тележүргізуші телеарна басшысына қарсы сотта жеңіске жетті


КТРК телеарнасының жаңалықтарын жүргізген Чынар Капарова өзін жұмыстан шығарған телеарна директоры Илим Карыпбековке қарсы сотта жеңіске жетті. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сот мәліметіне сәйкес, 26 наурызда Жоғарғы сот Ленин аудандық соты мен Бішкек қалалық сотының шешімдерін өзгеріссіз қалдырған. Соттар КТРК телеарнасын Чынар Капарованы жұмысқа қайта алуын міндеттеген.

Бұған қоса телеарна Капароваға жұмыстан шығып қалған уақыттағы 55 мың сом жалақыны, 5 мың сом моральдық өтемақыны төлеуі керек.

Чынар Капарова КТРК телеарнасынан 2016 жылы, директор Илим Карыпбеков шешімімен, жаңалықтар жүргізу кезінде жіберген қателігі үшін жұмыстан шығарылған. Жүргізуші эфирде халық ақыны Суйун Эралиевті "Қырғыз Республикасының батыры" деп атаған. Басшылық ескертумен шектелсе болар деп есептеген тележүргізуші сотқа жүгінген.

Телеарна директоры Илим Карыпбеков сот шешімін орындауға дайын екенін хабарлады.

XS
SM
MD
LG