Ссылки доступа

Дума депутаты еңбек мигранттарын "чиптеуді" ұсынды


Мемлекеттік депутаттың Свердлов облысынан сайланған депутаты Максим Иванов еңбек мигранттарын "чиптеуді" ұсынып, кейін онысын "ақпарат сақтайтын электронды білезік" салуға түзеткен.

Facebook'тегі сыни пікірлерден соң депутат пікірі осылай өзгерген.

"Бұл осы саладағы бақылаудың нәтижесін арттырады. Ресми статистика бойынша, 2017 жылы ғана Ресейдің ішкі істер министрлігі осындай 136 мың құқықбұзушылық тіркеді. Көптеген құжатты қалтаға салып жүргенше, оның барлығын электронды нұсқасына көшіруді ұсындым. Оны қолына таққысы келмегендер қалтасына салып жүрсін. Қайта бұл еңбек мигранттарының өмірін жеңілдетеді", – деп жазды депутат Максим Иванов Facebook'тегі парақшасына.

Иванов өзінің ұсынысы Федералдық көші-қон қызметі бақылауын жақсартып, мигранттардың қамын ойлаудан шыққан деп түсіндірді.

Бес жыл бұрын еңбек мигранттарына білезік тағуды Қоғамдық палата ұсынған еді. Сол кезде мигранттарды спутник арқылы бақылап, "жұмыс берушілердің қара тізімін" жасау ұсынылған. Шенеуніктердің пікірінше, заңсыз миграция мәселелерін шешуде Ресей заңдарында тым жеңіл жазалар қарастырылған.

XS
SM
MD
LG