Ссылки доступа

БАҚ: Трамп қарулану жарысында Путинді басып озғысы келеді


Қарулану жарысы қайта басталса, АҚШ жеңімпаз болғысы келеді. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп 20 наурызда Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы әңгіме барысында мәлімдеген, деп хабарлады NBC Ақ үйдегі дереккөзге сілтеме жасап.

Телеарна дереккөзінің мәліметіне қарағанда, президенттің кеңесшілері Ресеймен қарым-қатынасты жақсарту үшін қатаң саясат ұстануға Трампты көндірген. Осындай саясаттың нәтижесінде Javelin танктерге қарсы кешені Украинаға берілді, дейді дереккөз.

NBC телеарнасының екі тәуелсіз дереккөзінің хабарлауынша, Путиннің жаңа ядролық қару туралы мәлімдемесі Трамптың көңіліне қатты тиген. Ресей президенті жаңа қару туралы 1 наурызда Федералдық жиналыста жыл сайынғы жолдауында мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG