Ссылки доступа

Өзбекстанда балаларды ұрған тәрбиеші жұмыстан қуылды (видео)


Воспитательница джизакского детсада бьет детей файловой папкой. Кадр из видеозаписи.

Өзбекстанда бала-бақша тәрбиешісінің файлдар салатын папкамен балаларды ұрып жатқаны түсірілген видео өткен аптада әлеуметтік желілерде тарады. Бұл оқиға, мемлекет басшысы Шавкат Мирзияевтің Жизақ облысына сапары қарсаңында, Жизақ қаласындағы №39 бала-бақшада болған.

Видеоны осы мекемеде тәжірибеден өтіп жүрген жергілікті педагогикалық институттың бірінші курс студенті Ш. К. түсірген.

Жергілікті басылымдар таратқан мәліметтерге қарағанда, видео әлеуметтік желілерде тарап кеткен соң, Өзбекстанның мектепке дейінгі білім министрлігі оқиғаны зерттеумен айналысатын шұғыл топ құрып, видеоның қайда түсірілгенін анықтаған. Видеоматериал 27 наурызда Жизақ қаласындағы №39 "Наурыз" бала-бақшасында түсірілгені белгілі болды.

Министрлік мәліметіне қарағанда, балаға қол көтерген тәрбиеші - 37 жастағы Мохира Маматкулова, оның жоғары білімі бар - Жизақ мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. Ол "Наурыз" бала-бақшасында 2007 жылдан бері жұмыс істейді.

"Сол күні тәрбиешінің отбасындағы бір жағдайларға байланысты көңіл-күйі болмағаны анықталды. 11 жыл еңбек еткен уақытта Маматкулова жұмыста ескерту алмаған", - деп жазды жергілікті баспасөз.

Хабарларға қарағанда, Маматкулова ісі Жизақ прокуратурасына тапсырылған. Тәрбиешімен еңбек келісім-шарты бұзылды. Бұл оқиғадан соң "Наурыз" бала-бақшасында тағы үш қызметкер жұмыстан шығарылды.

XS
SM
MD
LG