Ссылки доступа

Ашхабад пен Тегеран тұтқын алмастырды


Иран президенті Хасан Роухани 27 наурызда Түркіменстанға сапарлап барып, екі жақты әріптестік мәселелерін талқылаған.

Иран билігі ресми сапарды аймақ елдерінде тойланатын Наурыз мерекесімен байланыстырды. Түркіменстан астанасындағы кездесулер барысында президент Роуханидің осы жылы шетелге сапарларын Ашхабадтан бастағанына мән берілді. Кездесулер барысында Тегеран мен Ашхабад оннан астам келісім қабылдаған.

Түркіменстаннан кейін Әзірбайжанға сапарлап барған Роухани Тегеранға 29 наурызда оралған. Сол күні Иран мен Түркіменстан шекарасында екі ел тұтқын алмастырды. Ашхабад Тегеранға 283 иран азаматын берсе, Иран да Түркіменстан азаматтарын Ашхабадқа қайтарды. Ираннан елге оралғандардың дені - Гүлістан провинциясының тұрғындары.

Еске салайық, бұған дейін Иран мен Түркіменстан газ саудасы төңірегінде жанжалдасып, халықаралық соттарға дейін бара жаздаған. Иран Түркіменстанды "көгілдір отын бағасын қымбаттатып жіберді" деп айыптаса, Ашхабад Тегеранға "қарызын қайтармай отыр" деген сын тақты.

Дегенмен Роуханидің Ашхабадқа сапарынан соң, иран баспасөзі екі ел арасындағы қарым-қатынас жақсарып келе жатқаны туралы жазды. Иран президенті Ашхабадқа келерден бұрын Түркіменстан басшысы Парсы шығанағы елдеріне сапарлап келген еді.

XS
SM
MD
LG