Ссылки доступа

Душанбе мен Мәскеу әуе қатынасы төңірегіндегі жалжалды талқылайды


Тәжікстан делегациясы әуе қатынасы мәселелерін талқылау үшін сейсенбі күні таңертең Мәскеуге ұшып шығады, деп хабарлады Тәжікстан азаматтық авиация жөніндегі агенттік басшысының бірінші орынбасары Азиз Набизода.

Делегация құрамына әуе компанияларының, көлік министрлігінің, сыртқы істер министрлігінің және әділет министрлігінің өкілдері кірді. «Бұл мәселеде Ресейдің өз мүддесі бар. Біз өз мүддемізді қорғаймыз. Келіссөздер барысында барлық мәселелер шешіледі деп үміттенемін», -деп мәлімдеді Набизода.

Өткен аптада Ресейдің көлік министрлігі Тәжікстанның әуе қатынасы билігімен келіссөздер нәтижесін 5 сәуірге дейін күтетінін хабарлаған. "Біз оларға 5 сәуірге дейін уақыт бердік", - деп мәлімдеді Ресейдің көлік министрі Максим Соколов.

Бұның алдында "Сомон Эйр" әуе компаниясы 2 сәуірден кейін Душанбе мен Худжандтан Ресейдің 7 қаласына ұшатын рейстер уақытша тоқтатылатынын ескерткен. Әуе компаниясының басшылығы бұны "мәжбүрлі қадам" деп атаған.

31 сәуірде Ресей көлік министрлігінің Душанбеге жолдаған жетелхатында "тәжік әуе компанияларына белгілі-бір бағыттарға ұшуға рұқсат берілмейтіні" айтылған. Бұның себебін министрлік "Уральские авиалинии" компаниясының бірқатар рейстеріне Тәжікстан бұған дейін тыйым салғанымен түсіндірген.

XS
SM
MD
LG