Ссылки доступа

Бішкекте шағын автобус жүргізушілері наразылыққа шықты (видео)


Қырғызстан астанасында шағын автобус жүргізушілері жұмысын уақытша тоқтатты. Қала басшылығы автокөлік фирмаларына әкімдік тарапынан ешқандай жеңілдік болмайды деп мәлімдеген.

Әкімдік мәліметіне қарағанда, көлік жүргізушілері жолаушылар мен қауіпті заттарды сақтандыру полисінсіз тасығандарға айыппұл салу туралы 1 сәуірде күшіне енген қаулыға қарсы шықты. Заң бұзғандар 500 сом (шамамен 7 доллар) айыппұл төлейді, ал олардың автокөліктерін айып тұрағына қояды.

Бішкек аялдамаларында жолаушылар көптеп жиналып қалды. Оларды троллейбустар мен автобустар тасып жүр. Әкімдіктің көлік басқармасы 2 сәуірде жұмысқа жүргізушілердің 30 пайызы ғана шыққанын хабарлады.

Бұл уақытта жүргізушілер наразылық акциясын 12 шағын ауданда өткізіп жатыр. Олар сақтандыруға қатысты жаңа ереже мен жолақы тарифінің төмендігіне наразы.

"Бұған қоса жүргізушілер 750 сом тұратын арнайы киім алуға мәжбүрлеп жатқанына наразы", - деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Наразы топпен Бішкек вице-мэрі Геннадий Милицкий кездесіп, жүргізушілерді жұмысқа шығуға шақырған, бірақ акцияға қатысушылар бас тартқан. Түстен кейін олар талаптарды талқылау үшін әкімдік өкілдерімен кездеседі.

Бішкек әкімдігі мәліметі бойынша, қазір астанада 3 мыңға жуық шағын автобус 119 бағыт бойынша жұмыс істеп жатыр.

В Бишкеке водители маршрутных такси приостановили работу
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:35 0:00

XS
SM
MD
LG