Ссылки доступа

Бішкек оқушысы сыныптасын тапаншамен жаралаған


Қырғызстан астанасындағы №38 мектепте 8 сынып оқушысы жарақаттайтын тапаншамен абайсызда сыныптасының иығынан атып жіберген. Бұл оқиға 30 наурызда болған. Жасөспірім мектепке ағасының тапаншасын алып келіпті.

Жараланған оқушы №3 балалар ауруханасына жеткізілді. Оқ атқан баланың кәмелет жасына толмағаны ескеріліп, оны ұстамаған.

Бішкек қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Адыл Оморовтың хабарлауынша, жараланған баланың жағдайы жаман емес.

"Қазір тапаншаның оқушы қолына қалай түскені анықталып жатыр. Бұған қоса кәмелет жасқа толмағандардың ісі жөніндегі инспекция қызметтік тексеру жүргізеді", - деп хабарлады Адыл Оморов.

Бұған дейін оқушылардың қару ұстауына қатысты жағдай тіркелмеген.

XS
SM
MD
LG