Ссылки доступа

Өзбекстанда генерал Хаёт Шарифходжаев ұсталды


30 наурызда Өзбекстанда Ұлттық қауіпсіздік қызметінің (қазіргі Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі) генералы болған Хаёт Шарифходжаев ұсталды. Ол лауазымды қызметте 2015 жылға дейін істеген.

51 жастағы Хаёт Шарифходжаев Өзбекстанның ішкі істер министрлігі қызметкерлері тарапынан ұсталды деп хабарлайды дереккөз.

Бас прокуратураның тергеушісі де бұл ақпаратты растады. Ақпаратқа қарағанда, генерал Шарифходжаев ІІМ-тергеу абақтысында отыр. Алайда Бас прокуратура баспасөз қызметі генералдың ұсталғаны жөніндегі ақпараттан хабарсыз екенін айтады.

Дереккөздің мәліметі бойынша, Хаёт Шарифходжаев экс-бас прокурор Рашид Кадыров пен Ташкент қаласы прокурорының бұрынғы орынбасары Мираглам Мирзаевтің ісіне байланысты тұтқындалған.

"Хаёт Шарифходжаев көлеңкелі ақшаны заңдастырғандарды қорғап келген. Зиёдулла Иногамов оған қарсы куәлік берді. Осы куәлікті негізге алып, біз Шарифходжаевты ұстадық", – дейді ІІМ дереккөзі.

Генерал Хаёт Шарифходжаев осымен екінші рет ұсталып отыр. 2015 жылдың көктемінде Шарифходжаевқа қатысты "мемлекет қаржысын жымқырды" деген айыппен қылмыстық іс қозғалған. Бірақ кейіннен оны не себептен босатқаны әлі күнге дейін белгісіз.

XS
SM
MD
LG