Ссылки доступа

Душанбе Мәскеумен әуе кикілжіңін санкциясыз шешуді ұсынды


Тәжікстан сыртқы істер министрлігі Душанбе мен Мәскеу арасындағы әуе кикілжіңіне қатысты тәжік тарабы санкция қолданбай, бейбіт келісім арқылы шешуді қалайды деп мәлімдеді.

Тәжікстан СІМ таратқан ресми мәлімдемеде, "Душанбе Ресейдің авиациялық билік тарабы қабылдаған шараға алаңдаушылығын білдіреді. Бұл тараптарға айтарлықтай экономикалық зиянын тигізеді" делінген.

СІМ Тәжікстан Ресей Федерациясының авиация билігімен тығыз әрі өзара тиімді қарым-қатынас орнату жөніндегі келісімнің орындалуын қалайды деп атап өткен.

Мәлімдемеде қазіргі кезде екі ел арасындағы әуе тасымалдау нарқының 60 пайызы ресейлік компанияларға тиесілі екені айтылған.

«Ел үкіметі Азаматтық авиация жөніндегі агенттік құрды. Ұйымдастыру шараларына байланысты тәжік тарабы ресейлік әуе тасымалдаушыларға ұшуға рұқсат беру мәселесін уақытша тоқтатты», - делінген мәлімдемеде.

Азаматтық авиация агенттігінің төраға орынбасары Азиз Набизоданың айтуынша, бүгін Тәжікстан делегациясы келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге ұшады.

XS
SM
MD
LG