Ссылки доступа

Ресейден шығарылған мигранттар өзбек-тәжік шекарасында жұмыс істеп жүр


Өзбекстан мен Тәжікстан шекарасынан ашылған өткізу-бақылау бекеті мен визасыз жүйе екі елдің ондаған азаматының жұмысқа орналасуына мүмкіндік берді.

Ресейден депортацияланған 24 жастағы Алламуродтың сөздерінше, Тәжікстанның Хатлон облысы мен Өзбекстанның Сұрхандария облысын жалғастыратын "Гүлбахор" өткізу бекеті ашылғаннан кейін, көлік сатып алып, жолаушы тасымалдауға көшкен.

"Күніне 100 сомони (10 доллардан артық) пайда табамын. Мен жолаушыларды аудан орталығынан шекараға дейін жеткіземін. Кейін қайтқан кезде, Өзбекстаннан келген адамдарды Шахритузға дейін жеткізіп саламын. Ресейден мен сияқты депортацияланған адамдар көбіне жүргізуші болып жұмыс істеп жүр. Жолаушылар өте көп. Олар да, біз де қуаныштымыз" – дейді Алламурод Рузиев.

27 жастағы Шахритуз ауданының тұрғыны Фахриддин Норматов та жолаушы тасымалдаумен айналысады. "Күніне екі рет шекараға қатынаймын. Тапқан ақшам күнделікті өмір сүруіме жетеді", - дейді ол.

Шахритуз ауданынан «Гүлбахор» өткізу бекетіне дейін 70 шақырымды құрайды. Ресми мәліметке қарағанда, шекара бекетінен тәулігіне 400-ден астам адам өтеді.

XS
SM
MD
LG