Бұл жөнінде Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И мәлімдеді.
"Қытай барлық тараптар қиын жағдайдан абайлап шығып, диалогтың қайта жандануына жағдай жасайды деп үміттенеді", - деді Ван И Швейцария сыртқы істер министрі Игнацио Кассиспен бірлесіп өткізген брифинг кезінде. Ол сонымен бірге Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын мен АҚШ президенті Дональд Трамп "өзара түсінушілікті" күшейтеді деді.
"Бірақ тарихи тәжірибе түбекте шиеленіс әлсіреп, диалог пен бейбіт шуағы пайда болған кезде, бұзушы факторлар пайда болатыны бізге көрсетіп келеді. Сол үшін біз тараптарды кедергілерді алып тастап, дұрыс диалог жасауға шақырамыз", - деп атап өтті қытай дипломаты.
Алдын ала келісім бойынша Солтүстік Корея мен АҚШ лидерлері мамыр айында кездесу керек, бірақ кездесу орны әлі белгісіз.