Ссылки доступа

YouTube штаб-пәтерінде оқ ашқан әйелдің есімі белгілі болды (видео)


Нападение на штаб-квартиру YouTube
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:41 0:00

Нападение на штаб-квартиру YouTube

Сан-Бруно қаласындағы YouTube компаниясының штаб-пәтерінде оқ атқан әйелдің есімі - Насим Агдам, Калифорния штатының тұрғыны. Бұл туралы Си-эн-эн телеарнасы құқыққорғау органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Телеарна таратқан мәліметке қарағанда, Агдам Калифорния штатындағы Риверсайд қаласында, сонымен бірге Сан-Диегода тұрған. Алдын ала мәлімет бойынша, оның YouTube компаниясына ешқандай қатысы жоқ. CNBC телеарнасының хабарлауынша, Агдам 39 жаста болған. Ол кеңсеге тапаншамен келген.

Бұның алдында Сан-Бруно полициясы оқ ашқан әйел атылып өлгенін хабарлаған еді. Шабуыл салдарынан бірнеше адам жараланды, үш адам ауруханаға түсті. Жараланғандардың бірінің жағдайы ауыр. Шабуыл мотиві әзірге белгісіз, деп мәлімдеді Сан-Бруно полициясының басшысы Эд Барберини.

Билік бұл оқиғаның терроризммен ешқандай байланысы жоқ деп есептейді.

XS
SM
MD
LG