Ссылки доступа

Түрмедегі қырғыз оппозиционері Текебаевтың ауруханада емделуін талап етті


Қырғызстандағы "Ата Мекен" партиясының жетекшісі Өмірбек Текебаевтың әйелі Айгүл күйеуін соңғы рет 15 наурызда көрген.

«Бізге бір жарым айда бір мәрте ғана кездесуге рұқсат береді. Соңғы рет барғанда оның жағдайы мәз емес еді. Қазір де оңалып кеткен жоқ», - деді Текебаева.

3 сәуірде саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері мемлекет басшысы Сооронбай Жээнбековке, спикер Дастан Жұмабековке және премьер-министр Сапар Исаковқа хат жазып, Текебаевтың білікті дәрігерлерден түрмеден тыс жерде ем қабылдауына жағдай жасауын талап етті.

Белсенділер №47 түзеу мекемесінде сапалы медициналық қызмет көрсетілмегендіктен, саясаткердің денсаулығы нашарлады деп есептейді.

«Ата Мекен» партиясының жетекшісі Өмірбек Текебаев пен Қырғызстанның Оңтүстік Кореядағы бұрынғы елшісі Дуйшенкул Чотонов 2017 жылы қаңтарда ұсталды. Олар 1 млн доллар пара алған деп айыпталды. Жоғарғы сот өткен жылы 21 қарашада аудандық және қалалық сот шешімдерін күшінде қалдырды. Сот саясаткерлерді сегіз жылға соттаған.

Былтыр қараша айында Текебаев Бішкектегі №47 колонияға отырса, Чотонов Молдовановка ауылындағы №27 колонияға жөнелтілген.

XS
SM
MD
LG